Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген.
Қасиетті Қадір түні кешінде ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің ұстазы Фатима Мусаева шәкірттерімен бірге бір ай бойы оқылған Құранды бағыштады. Мешіт Шәкірті Қадырқожаева Саодат жамағатты өз үйіне қонаққа шақырып, көпшілік дұға жасады.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі