1 маусым балалар күніне орай, «Әулие ата» мешітінің имамы Баймаханов Ораз қажының ұйымдастыруымен, демеушілердің атсалысуымен Тараз қаласындағы №1 К.Сармолдаев балалар үйінде тәрбиленуші 120 бүлдіршінге түрлі тәттілер, сусындар мен балмұздақтар таратылды.
Балалардың қуанышында шек болмады, алғыстарын жаудырып жатты. Балалар үйінің ұстаздары да алғы айтып, разылықтарын білдірді.
Жалпы қайрымдылыққа 150 мың теңге қаражат жұмсалды. Осындай қайрымдылықтар алдағы уақыттада жалғасын таба бермек.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі