Шу: Қасиетке толы, қадір түн!

Шу: Қасиетке толы, қадір түн!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түндердің төресі, мың айдан да қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетіне береке орнайтын қадір түні сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн.

Алла тағала нәсіп етіп биылғы жылы да "Төле би" мешітінің жамағаты қасиетті Рамазан айының Қадір түнін өз денгейінде өткізді. Алланың қалауымен, аңсаған жамағаттың дұғасымен, ауданның бас имамы Аят Дыбысұлының ұйымдастыруымен ауданымызда жылдағы әдеттей қасиетті Құран кітабы басынан аяғына дейін оқылып, хатым түсірілді.

Хатымды басынан аяғына дейін оқыған Атбасар қарилар дайындау медресесінің шәкірттері Бауыржан мен Димаш бауырларымыз арнайы  жамағатты қасиетті Құран аяттарымен сусындатты.

Мешітте ауызашар беріліп, Қадір түніне мешітке жиылған аудан тұрғындарына Аят қажы Дыбысұлы: "Биылғы  қадір түні жұмаға дәл келіп тұр, бұл да бір нығмет" - деп, жиылған жұртқа өз сөзін жеткізді. Тарауих намазынан соң  Құран хатым дұғасы жасалды. Аудандық найб имам Талғат Кәрібайұлы қадір түнінің қасиеті жайында т.б. уағыз-насихат айтып, таң намазына дейін сұрақ-жауап ойындары өткізіліп, жеңімпаздарға діни заттар сыйлыққа берілді. Халық алдында қари бауырларымызға құрмет көрсетіліп, кастюм-шалбар кигізіліп, қолдарына қаржылай сыйлық табыстады.

Сонымен қатар дастарқан жайылып, құран оқылды. Жамағат сәресін ішіп, ниет етіп, таң намаздарын оқып тарқасты.

 Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: