Қайырымдылық - жан жылуы

Қайырымдылық - жан жылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Алла тағала адамзат баласына он екі мүшесін сау қылып берсе, енді біреулерін жарым-жанды қылып сынайды. Ақыл есі бүтін жұмыр басты пенде жалған дүниеде Алланың бергені нығметіне шүкір ете отырып, ізгілікке, жетімнің басын сипауға, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауға ұмтылуы тиіс.

Осы мақсатта, қасиетті Рамазан айында Қордай ауданында мешіттер әр аптада қайырымдылық деген ұстаныммен  қасиетті айдың басталысымен түрлі форматта қайырымдылық жұмыстарын атқаруда.

Қарасай ауылында 38 отбасына, Сарыбұлақ ауылында 5, Қаракемер ауылында 10 отбасына, «Аррахман» мешіті 3 отбасына,  азық-түлік себеттерні таратса, Кенен ауылдық мешіті 4 отбасына бір-бір бас қойдан зекет таратса, Үлкен Сұлутөр мешіті мүгедек жанға арнайы арбаны сыйға тартты. Рамазанның 3 аптасында Қордай ауданы бойынша 55 отбасына көмек көрсетілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: