Ауызашарлар жалғасуда

Ауызашарлар жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде жамағатқа күнде ауызашарлар ұйымдастырылуда. Осындай сауапты іске аудандық мәслихат депутаттарыда ат салысты. Қасиетті айда халық қалаулылары мешіт жамағатына арнап 120 адамға дастархан жайды. Аудан бас имамы Д.Жандосұлы  тақуалық турасында уағыз айтып, мәслихат хатшысы Р.Нурсипатовқа  жамағат атынан алғысын білдірді.

Сондай-ақ, аудан бойынша қызмет атқарып жүрген  журналист қауымына аудандық мешітте арнайы ауыз ашар берілді. Бас имам Д.Жандосұлы  қыл қалам майталмандарына асыл дініміздің құндылықтары туралы насихат айтып, мешіттеріміздің атқарып жатқан  жұмыстары жайлы ақпарат берді. Ой толғаушы, қалам тербеуші баспасөз құралдары өкілдері өз разылықтарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: