"Рамазан" қайырымдылық акциясы

"Рамазан" қайырымдылық акциясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті айда Тараз қаласының азаматтық орталығында «Жамбыл облысы азаматтық альянсы ассоциациясы» ұйымдастыруымен, «Мырхалық қажы» мешіті имамы Абдурахим Юлдашұлының ат салысуымен және Хусаиновтар отбасының белсенді демеушілік жасауымен қайырымдылық ақциясының бірінші кезеңі өтті.

Орталыққа  тұрмысы төмен мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтылған көп балалы 15 отбасы шақырылып, азық-түлік таратылды. Ал, Мерке ауданынан келген Золотько жанұясына 50 000 теңге берілді. Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен меценаттар тарапынан берілген қаржы көмегімен  9 жасар Никита шет елде ем қабылдайтын болды. Алдағы уақытта тағы 15 отбасына көмек беру жоспарлануда. Рамазан айында әрбір мұсылман мұқтаж адамдарға қол ұшын беруі тиіс. Бұл исламның бір бөлігі.

50 отбасы қомқорлыққа алынып, жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек берілуде.

Абдурахман имам мен ассоциация өкілдері кәсіпкерлер мен демеушілерді садақа берушілер қатарынан болуға шақырады.

Ораза айында жасалған қайырымдылықтар басқаларға үлгі-өнеге!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

     

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: