Ауызашар алдында мешіт шәкірттері тұрғындарды қуантты

Ауызашар алдында мешіт шәкірттері тұрғындарды қуантты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз саябақтарында жұртшылықтың жүзіне қуаныш, көңіліне жылу ұялатқан ерекше іс-шара орын алды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы әйел-қыздар секторы, "Һибатулла Тарази" мешітінің қыздар сауат ашу курсының шәкірттері саябақта көпшілікке ауызашар алдында құрма мен сусын таратты.

Айта кету керек, құрма салынған қораптарда адамзаттың асыл тәжі пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері жазылған. Яғни, сыйлық алушы тек ауызашарға дәмтатар ғана алмайды, сондай-ақ, хадис оқып, діни амалына амал қосады. 

Жастар қолдарына әдемі сөздер жазылған плакаттар ұстап, қала тұрғындарына мерейлі күлкі сыйлаған сәттерін суреттерден көріңіздер. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: