Рамазан айы сауапты амалдарға, меркелік кештер мен Құран хатым дұғаларына, ауызашарлар мен көркем уағыздарға толы болып өтуде.
Дін мамандары облыстағы түрлі аймақтарға барып, насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осындай игі жиын Қаратау қаласында өткен болатын.
Аталған ауызашарға РАНТ мүшесі, "Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы арнайы барып, жамағатты рамазан айымен құттықтады.
Дастархан басына жиналған көпшілікке уағыз айтып, ораза айының қасиетіне де тоқталып өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.