"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесініңұйытқы болуымен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу, оңалту жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылы "Абай" атындағы орта мектепте және аудандағы Т.Рысқұлов мектеп-лицейінде «Дін және жастар» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
Шара барысында жастарға жалпы дін туралы және ислам діні туралы толық ақпараттар айтылды. Қазіргі діни ағымдар туралы жалпы түсінігін қалыптастыру, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу тақырыбы төңірегінде облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Амреев Бахтияр Амантайұлы әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында аталмыш бағыттағы жұмысты жандандыруға бағытталған ой-пікірлерімен бөлісіп, жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Шараға мектеп оқушылары мен мекеме ұжымы қатысты.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.