Қасиетті Рамазан айы-мейірім айы еліміздің мұсылмандарына қуаныш сыйлай келе, есік қағып кірді. Алайда Жаратушымыздың сыйлаған бұл қуанышын мұқтаж отбасыларда сезіну үшін Қордай ауданы бойынша қызмет атқарып жатқан имам-молдалар қайырымдылық жұмыстарына қамшы басып, жұмыс барысын үдете түсті.
Сортөбе ауылы «Халид бин Валид», Ауқатты ауылы «Нұрислам» мешіті мұқтаж отбасыларға 10 қап ұннан 10 отбасыға, Үлкен Сұлутөр мешіті бір отбасыға 1 бұзау, Кенен ауылдық мешіті 7 отбасына 70 000 теңге қаражат құрайтын әртүрлі азық-түлік себеттерін үлестірілді.
Мінекей, осыйлай Қордай ауданының дін қызметкерлері Рамазанның алғашқы аптасын қорытындылады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі