Өлкеде күнделікте тарауих намазы жалғасуда

Өлкеде күнделікте тарауих намазы жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны, сауапқа толы ең қасиетті рамазан айы даламызға еніп, жұртшылықты қуанышқа бөлеуде. Өлкемізде осы мүбәрак айдың құрметіне тарауих намазы оқылуда

Алдынғы кеште "Һибатулла Тарази" мешітіндегі тарауих намазына жиналған жамағаттың қарасы көп. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл дүйім жұртты рамазан айымен құттықтап, аталмыш намаздың сауабы мен маңызы жайлы тілге тиек етті. 

Облыстық мешітте республикалық Құран сайысының жеңімпазы жас қари Дулат Қалығұлов тарауих намазын жүргізуде. 

Айта кету керек, Тараз қаласы бойынша 6 мешітте хатым жасалып жатыр. 

Сонымен қатар намаз аяқталған соң жамағатты мөлтек аудан және Асқаров бағыттары бойынша екі автобус тегін тасмалдайды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: