Мың айдан да қайырлы қасиетті рамазан айы жұртшылықты өз берекесімен мерекелік күйге бөлеуде.
Осынау ұлық айда дін мамандары қарқынды қызмет қылуда. Алла үйі болған мешіттерге келуші халықтың қарасы да әдеттегіден көп. Кез келген адам сауаптар еселенетін айда дұғасын жасап, игі іс атқаруға асық.
Қасиетті айда рухани азық жинап, білімге білім қосқыңыз келсе мешітке асығыңыз. "Һибатулла Тарази" мешітінде ақшам мен құптан намаздарының аралығында күнделікті уағыз жүргізілуде. Мешіт имамдары мен ұстаздары түрлі тақырыпта насихат айтып, жамағаттың сан сауалына жауап беруде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.