ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы, "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстаздарының ұйымдастыруымен ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-бабаларға құрмет іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында ұстаздар мен шәкірттер жеңіс күні алаңға шығып, соғысқа қатысқан ардагер ата-әжелермен жүздесіп, сұхбаттасып, отан үшін жасаған еңбектері мен батырлықтары үшін алғыс айтты.
Зұламат соғыс талайды жер жастандырды, жоғалтты, алайда Алланың қалауымен жеңіс туы желбіреп, осындай кісілердің себебімен зұлымдыққа нүкте қойылды. Сондықтан санаулы қалған ардагерлерді ардақтай білейік. Алла елімізді тыныш, бейбіт етсін!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.