Шу ауданында арақсыз рамазан

Шу ауданында арақсыз рамазан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда бұл улы суды кейде кәрілер де, жастар да, еркектер де, әйелдер де ұрттап қойып жүргеніне куәміз. Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.): "Арақ бүкіл жаманшылықтың кілті" - деген. Арақтың зияны ұшаң-теңіз екені белгілі. Қаншама адамдар осы арақтың салдарынан зардап шегуде.

Қарты бардың қазынасы бар дегендей, Шу аудандық "Төле би" мешітінің және аудан ақсақалдары аудандағы барлық дүкен иелері мен кәсіпкерлерді Рамазан айында арақ сатпауға шақырды. Атап айтатын болсақ, Ақтан Тазитдинов, Тоқтасын Омбаев, Бәйтерек Жұмаділда, Әбдібек Орманов сынды қариялар бастаған аудандық мешітінің ақсақалдар алқасы қасиетті Рамазан айының алғашқы күндері 50-ге жуық дүкенге бас сұғып, кәсіпкерлермен жүздесті. Оларға мұсылман қауымы үшін ерекше саналатын ораза уақытының мәнін түсіндіріп, осы айда дүкен сөрелерінен алкоголь өнімдерін алып тастауларын сұрады.

Сондай ақ, ақсақалдардың игі бастамасын Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов та қолдағанын айта кеткен жөн. Ал жоғарыда аталған 50-ге жуық дүкен иелерінің басым көпшілігі Рамазан айында арақ сатпайтынын айтып  уәде берсе, ауыл ақсақалдары осы бастама бойынша аудандағы барлық сауда орындарына арнайы ат басын бұруды жоспарлап отыр.

Игі шарада болып қайтқан Аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы кәсіпкерлерге арақтың қоғамға зияны жайында қысқаша өсиет айтып  кәсіптеріне береке тіледі.

                     Шу аудандық "Төле би" мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: