Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, рамазан – үмметімнің айы» деген. Осындай сауабы мол ай өлкемізде игі іс-шараларменмен ажарлана түсті.
Соның бірі болған ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі, «Һибатулла Тарази» мешітінде «Шағбан айының шарапаты» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Аталған іс-шарада 10 жас отбасыға 70 000 теңге көлемінде азық-түлік үлестірілсе, 3 отбасыға жеке-жеке 20 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
Айта кету керек, отбасыларға арналған қажеттіліктерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл мен мешіт қызметкерлері табыстады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.