Мешіттің әйелдер жамағаты саяхатқа жол тартты

Мешіттің әйелдер жамағаты саяхатқа жол тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстаздары мен шәкірттерінің ұйытқы болуымен туған далаға саяхат жасалды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу соңында мешіт шәкірттері табиғат аясына демалуға шығатын еді. Алайда биылғы жаңбырлы ауа-райы мен оразаның оқу жылының аяғына қарай келуі қыздарды тоқтатпады. Керсінше, жоспарды өзгеше жаққа бұрып, ерекше саяхатқа әкелді. 

Саяхат барысында ұстаздар мен шәкірттері экспедициялық автобуспен ежелгі Түркістан қаласына ат басын бұрды. Тарихи жерлерді көру мақсатында зияраттарға барып, бірнеше мешіт, кесенелерге де соғып қайтты.  

Ғайып Ерен, Домалақ ана, Ақмешіт үңгірі, Арыстан баб кесенесі, Укаша ата кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралаған 50 шақты қыз-келіншектер мен ардақты әжелер жол бойы ұстаздардың, көнекөз қариялардың аузынан уағыз тыңдап,  тарих жайлы мол мағұлмат алды. 

Бұл сапар жамағаттың бірлігін нығайтып, өз еліміздің тарихи жерлерін тану мақсатын ту еткен болса, сол мақсатына жетті. 

Ал әйелдер саяхат жасаған жерлерде сыйымдылығы 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы 2 тонна болған тайғазан, қасиетті Құран кітаптары, ежелгі монша, Абылай ханның бас киімі, Әмір Темір кесенесі, тас үңгірлер кездесті. Ал жолай тоқтаған Ақмешіт үңгірінің ішіндегі температура қысы-жазы +18-20 градус болып тұрады, өзгермейді. Міне, осы сынды таңғажайыпқа толы сапар көпшіліктің әлеуетін бір көтеріп тастаған-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: