Қабірстанға қоршау жасалды

Қабірстанға қоршау жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Аса ауылында қабірстанға тазалық, реттеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, мазарларды жөнге келтіру жұмыстарын атқару ҚМДБ-ның барлық облысқа жүктеген тапсырмасы. 

Осы жоспар аясында мазарды қоршау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл ақсақалдарымен кеңес өткен болатын. Аталған мәселе қолға алынып, 2018 жылы 1,5 киллометрлік жер қоршалса, биыл 1 киллометрді қамтитын қабірстанға қоршау жасалуда. 

Ауданның бас имамы Ғарифулла Қуанышбек бастаған дін мамандары мен жамағат бірлесе қолға күрек алып, өңірдің тазалағы мен көркіне үлес қосуда. Ал қоршау жұмыстарына ауылдағы әр отбасы 5000 теңгеден қор жасаған болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: