Абдулла ибн Аббастан жеткен риуаятта Алла Елшісінің (ﷺ): «Маған Тозақ көрсетілді. Оның басым көпшілігі шүкіршілігі жоқ әйелдер болды», - деп айтқаны келтірілген. Сонда сахабалар: «Олардың Аллаға деген шүкірлігі болмаған ба?» - деп сұрайды. Алла Елшісі (ﷺ) былай деп жауап берген екен: «Олар күйеулерінің оларға деген жақсы қарым-қатынастарына шүкір айтпағандар. Бұл әйелдерге жылдар бойы жақсылық жасалынады, бірақ егер бір рет оларға ұнамсыз бір нәрсе жасалып қойылса, олар: «Сенен ешқашан бір жақсылық көрген емеспіз», - деп айтады» (Бұхари, Иман, 21; Мүслім, Иман, 132).
Аталмыш хадистің негізгі төркіні — шүкіршілік етпеу болып табылады. Еркектердің әйелдерде құқығы бар болса, сөзсіз, әйелдердің де еркектерде құқығы болады. Рақмет айтпау, шүкіршілік етпеу — жанұя бақытын бұзатын фактор болып табылады. Ал Алла Елшісі (ﷺ) дәл осы мәселеге ерекше мән берген еді.
Келесі хадисте де өте маңызды нәрсе айтылған: «Кімде-кімнің адамдарға рақметі болмаса, онда оның Аллаға да рақметі болмайды». Бұл хадисте әйелдердің шамадан тыс рақметінің жоқтығы, шүкірсіздігі - олардың Алла Тағалаға да рақметінің жоқтығының белгісі болып табылатындығы келтірілген (Ибн Хаджар, Фатхул-Бари, 83). Ал егер еркектердің де рақметі болмаса, онда хадистерде көрсетілгендей, олар да әйелдердей қауіпте болады.
asyldin.kz