Рамазанға дайындық: тәубе есігі жан алқымға келгенше ашық...

Рамазанға дайындық: тәубе есігі жан алқымға келгенше ашық...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айына 11 күн қалды.

Шынайы иман келтірген жан үшін тәубеге келу ешқашан да кеш емес. Егер бұл дүниеде қылмыскердің жазадан қашып құтылуға мүмкіндігі болса да Қиямет күні ешбір пенде Алла Тағаланың жазасынан қашып құтыла алмайды.

Сол себепті мүмін өзінің қателіктері мен күнәсін мойындауы қажет. «Болған іс – болды, бояуы сіңді» деп қоя салмай, өткен істері үшін Алладан кешірім сұрау керек. Егер сіз шынайы түрде тәубеңізге келер болсаңыз, Алла Тағала сіздің тәубеңізді қабыл етіп, күнәларыңызды кешіреді. Бұл жөнінде Қасиетті Құранда былай айтылған:

«Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын Ол Алла ғана екенін білмей ме? Шынында Ол Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді» (9:104).

«(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де» (39:53).

Демек, тәубеге келуімізді кешіктіре бермеуіміз керек. Дереу қажетті қадамды жасағанымыз абзал, өйткені Алла тарапынан келер өлім сәтін біз білмейміз ғой. Дегенмен, тәубе есігінің жан алқымға келгенше ашық болатынын есімізден шығармайық. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:

«Ақиқатында, Құдіретті де Ұлы Алла Тағала пендесінің тәубесін жаны алқымға келмейінше қабылдайды» (Тирмизи).

Төменде көрсетілген шарттарсыз тәубенің қабыл болмайтынын айта кету аса маңызды:

- Мүмін жан өзінің жасаған күнәлары үшін қатты өкінуі керек;

- Күнәні қайталап жасаудан бас тарту қажет, сондай-ақ, мүмінді күнәға итермелейтін жолдардың бәрінен бойын аулақ салғаны дұрыс;

- Күнә жасауға қайтып оралмайтынына нық түрде бел байлауы керек әрі күнәсін жуып-шайып кететін жақсы амалдарды көбірек жасауы тиіс.

Жоғарыда келтірілген шарттардың бәрі тек Алла Тағаланың құқығына байланысты күнәларға қатысты айтылған. Ал егер сіз өзге адамдардың құқығына қатысты бір зұлымдық жасасаңыз, онда бар күшіңізді салып, сіздің зұлымдығыңыз себепті болған зиянның орнын толтырып, олармен қарым-қатынасыңызды реттеуіңіз керек. 

Жоғарыда келтірілген шарттардың бәрі орындалған жағдайда, Алланың қалауымен, сіздің тәубеңіз күнәларыңыздың кешірілуін қамтамасыз  етеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Күнәсі үшін тәубесіне келген жан, ешқашан күнә жасамаған адаммен бірдей!» (Ибн Маджа).

Күнә жасаған адам уайым-қайғыға беріліп, торығып кетпеуі керек. Уақыт созбай, Алла Тағаладан кешірім сұрап, шынайы түрде тәубесіне келгені жөн.

Сонымен қатар, мүмін жан өткенге жалтақтап қарап, жасаған қателік-кемшіліктері мен күнәларын есіне ала бермей, өткеннің есігін тарс жауып, ұмытуды үйренгені жөн. Өткенге қарай берген сайын, шайтанға есігіңізді айқара ашатын болсасыз. Бұл бір құдды жыртқыштар аңдып жүрген бөкенге ұқсас жайт. Дегенмен, бөкен өзінің ізін қудалаушылардан анағұрлым жүйрік болса да оларға жалтақтап қарай беруі себепті жыртқыштар оны жеңіл қуып жететін болады. Ендеше, тіпті ең жүйрік деген жануарлардың өзі жыртқыштардың құрбаны болмақ. Өткенге жалтақтамай, алдыға нық қадам басып, өзіңізді рухани тұрғыдан дамытып, мінез-құлқыңызды ретке келтіріңіз. Келе жатқан Рамазан айы сіз үшін бұл өмірдің Алланың мейірімі мен кешіріміне толы көркем жақтарын көрудің бір жақсы мүмкіндігі болсын, ин ша Алла.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: