Жеңіске жетем десеңіз..

Жеңіске жетем десеңіз..

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде бір ауылдың тұрғындары жиналып, сайыс ұйымдастырыпты. Сайыс талабы бойынша биік ғимараттың үстіне кім бірінші шықса, жеңіс – соныкі. Көптен күткен сайыс басталады. Тамашалаймыз деп топырласқан адамдар үміткерлердің ешқайсысы жеңіске жете алмайтынын айтып бәстеседі: «Байғұстар-ау, босқа әуре болып жатсыңдар ғой. Бәрібір шыға алмайсыңдар!..»

Бұл сөздерді естіген қатысушылардың бірнешеуі расында күдіктене бастады. Мәреге дейін бара алмайтындарына көздері жетіп, бір-бірден артқа қайтты. Алайда, тек бір жігіт қана бұл сөздерге мән бермей, өжеттікпен жоғарыға өрмелейді. Ал, төмендегілер айқайлап жатты: «Бәрібір жете алмайсың!..» 
 
Ақыр соңында қатысушылардың түгелі дерлік жеңістен үмітін үзді. Тек әлгі жігіт ғимараттың биігіне тырмасып шығып, жеңіс тұғырынан көрінді. Таң қалған көрермендер қиын шартты қалай орындағанын сұрау мақсатында қасына жиналды. 

Біреуі жеңімпазға жақын келіп: «Мұның үдесінен қалай шықтың», - деп сұрады. Ал, жігіт оның да, басқалардың да қойған сұрағына түсінбеген сыңай танытып, үндемеді. Артынша бәрі де оның құлағы естімейтін керең екенін түсінді. 

Бұл мысал әңгімеден шығаратын қорытынды: күмәншіл адамдардың үмітіңізді өшіруіне жол бермеңіз. Әрдайым Аллаға тәуекел етіп, өзіңізге сеніңіз. Сонда көзделген мақсатқа жетесіз!

azan.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: