Рамазан айындағы 10 маңызды амал

Рамазан айындағы 10 маңызды амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – рухани байлық пен сауапқа толы адам нанғысыз мүмкіндіктер айы. Біз осы қасиетті айдағы мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысуымыз қажет. 

1. Күлімсіреу

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Күлімсіреу де садақа».

2. Науқастың қалін білу

Мынадай хадис бар: «Кімде-кім науқастың не бауырының қалін білсе, оған періштелер: «Сен бақыт нұрына бөленесің, сенің жолың да нұрға бөленеді, Жұмақта лайықты орынға ие боласың», - деп айтады екен» (Тирмизи).

3. Құран  оқу

Бұл біреулер үшін жеңіл, ал енді біреулер үшін қиын болуы мүмкін. Әйткенмен, Құран оқуды жақында ғана үйренсеңіз де, оны оқудан қорықпаңыз.  Өйткені Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Құранның қарилері Алланың Кітаптарын көшіріп жазатын періштелермен болады. Ал кімде-кім Құранды қиналып, бірақ ынтамен оқитын болса, екі есе сауап алады».

4. Бірінші болып сәлем беру

Күнделікті басқа адамдармен амандасуымыз үшін де сауап алатынымыз туралы ойланып көрдік пе? Бір адам Пайғамбарымыздан (ﷺ) былай сұраған екен: «Мұсылман үшін қай амал ең жақсы?» Сонда Алла Елшісі (ﷺ) былай жауап берген екен: «Адамдарды тамақтандыру және танитындарға да, танымайтындарға да сәлем беру» (Бұхари; Мүслім).

5. Қайырымдылыққа жасау

Құранда былай айтылған: «Раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намазды толық орындап, өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес пайдаландырғандар және жақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ақырет жұртының табысы солардікі. Олар Ғадын атты жаннаттарға кіреді. Аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, олар да кіреді. Періштелер әр есіктен олардың үстіне кіреді» (13:22-23).

6. Ораза ұстағандарға ауыз аштыру

Мынадай бір жақсы хадис бар: «Кімде-кім ораза ұстағандарға ауыз аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады, бірақ одан ораза ұстаушының сауабы бір түйірге болса да кемімейді» (Ахмад).

7. Біліміңмен бөлісу

Күнделікті біз жаңа, жақсы дүниелерді біліп отырамыз. Егер сол танып-білген біліміңізбен басқалармен бөлісу арқылы да сауапқа кенелесіз. Хадисте былай айтылған: «Жақсылыққа жол көрсеткен адам, сол жақсылықты өзі жасағандай болады» (Бұхари).

8. Өзгелерді кешіру

Бұл өте қиын болуы мүмкін, бірақ осы амалға берілетін сауап орасан зор. Біз Алла Тағаланың кешірімін алуға ұмтылып жүрген жоқпыз ба? Хадисте былай келтірілген: «Кімде-кім адамдарға мейірімін көрсетпесе, оған Алла да Өз мейірімін төкпейді» (Мүслім).

9. Намазды мешітте оқу

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) жамағатпен оқылатын намаздың артықшылығы туралы айтқан: «Жамағатпен оқылған намаз жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық» (Бухари).

10. Бір күн болса да шағымданбау

Құранда былай айтылған: «Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін» (12:86).

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: