Рамазанға дайындық: Алла Тағаланың мейірімі шексіз төгілетін ай

Рамазанға дайындық: Алла Тағаланың мейірімі шексіз төгілетін ай

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының басталуына 21 күн қалды.

Салман әл-Фариси (р.а.) келтірген хадисте Алла Елшісінің (ﷺ) Шағбан айының соңғы он күнінде айтқан уағыздарының бірі келтірілген:  

«Әй, адамдар! Ұлы да қасиетті ай жақындап қалды, бұл айдың көлеңкесі төбемізден төніп келеді. Бұл айда мың айдан да қайырлы болар Қадір түні бар. Осы айда Алла Тағала күндіз ораза ұстап, ал түнде нәпіл намаз оқуға бұйырған. Кез-келген кіші-гірім немесе үлкен жақсы амал үшін адам баласы басқа айларда орындаған парыздары үшін алатын сыйға кенеледі. Ал бұл айда орындалған парыз амал – өзге айларда жасалған жетпіс парызға тең келетін болады. Рамазан айы ашығу мен шөлдеу, бойұсыну мен ғибадатта сабырлық таныту айы болып табылады. Алланың қалауымен, сабырлық танытқандардың сыйы Жұмақ болмақ. Бұл ай – өзара көмек көрсету және мүміндердің несібесінің артатын айы. Кімде-кім аузы берік мүмінге ауыз аштырса, бұл оның күнәларының кешірілуі мен Тозақ азабынан құтылуының себебіне айналады, сондай-ақ, ауыз аштырған жан ауыз бекіткен адам алатын сыйды алады».

Мұны естіген кейбір сахабалар: «Уа, Алла Елшісі! Біздің көбімізде ораза ұстағандарға беретін дәнемеміз де жоқ», - дейді.

Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Мүмін бауырына бір құрма мен бір жұтым су берген жан да осындай сауап алатын болады», - деп айтып, уағызын әрі қарай жалғастырған екен:

«Бұл айдың бірінші бөлігі – мейірім, ортасы – кешірім, ал соңы – Тозақ азабынан құтылу. Кімде-кім осы айда өзінің құлының жұмысын жеңілдетсе, соған Алла кешірім береді әрі оны Тозақтан құтылтады».

Аталмыш айда төрт артықшылық бар, екеуі арқылы Алланың разылығына қол жеткізсеңіз, ал қалған екі артықшылықтан сіз айырылмайтын боласыз.

Алланың разылығына қол жеткіздіретін артықшылықтар – үнемі шәһадат айту және кешірім сұрау болып табылады.

Ал енді қалған екі артықшылыққа келер болсақ, оның біріншісі – Жұмаққа ұмтылу, ал екіншісі – Тозақ Отынан құтылдыра гөр деп Аллаға жалбарыну болып табылады. «Ораза ұстаушы жанға бір жұтым су бергенге Алла менің хауызымнан шөлін қандыртады әрі әлгі адам Жұмаққа кіргенінше шөлдемейтін болады» (ат-Таргиб бат-Тархиб, 2: 94-95).

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: