Күндердің күнінде Нұх (а.с.) пайғамбар көшені кезіп, халықтың жағдайын білу үшін серуенге шығады. Содан бір үйдің қабырғасына сүйеніп отырған кейуананы көреді. Ол кісі қатты жылап отыр екен. Нұх Пайғамбар (а.с.) қасына жақындап жылаудың себебін сұрайды. Кейуана:
— Менің балам бар еді. Ол тым ерте дүниеден өтті, — дейді. Пайғамбар (а.с.):
— Оның жасы нешеде еді? — деп сұрайды.
— Небары 300 жаста болатын. Нұх (а.с.) кейуананың жанына отырып:
— Бізден кейін бұл әлемге 70-80 жыл ғана өмір сүретін адамдар келеді. Сіз сабыр етіңіз, — дейді. Сонда кейуана таңдана:
— Егер олай болса мен күні-түні құлшылық жасайтын едім, — деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы