«Атадан мал қалмайды, тал қалады» деген нақыл сөзге амал еткен Сарысу аудандық мешітінің жамағаты бүгін Жаңатас қаласындағы жаңадан бой түзеп келе жатқан саябаққа жиырма түп алма ағашын отырғызып қайтты. Қаланың кіре берісіндегі бұл саябақ келешекте қала тұрғындарының сүйіп демалатын орны болады дегенге сенім мол. Сол орынға мешіт жамағаты да өз үлесін қосып, жеміс ағаштарын отырғызды. Іс-шараға үлкен қариялармен қатар жастар да өз үлестерін қосып жатқаны қуантарлық жағдай.
Көктемнің бір күні жылға азық деп бабаларымыз босқа айтпаса керек. Көктемде тал-дарақтар отырғызып, егін егу, бұлақтың көзін ашу аталарымыздан қалған жақсы дәстүріміз ғой. Сол дәстүріміздің бүгін де жалғасын тауып жатқаны құптарлық іс.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі