Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы Абай атындағы қазақ орта мектеп оқушыларымен кездесті.
«Діннің қоғамдағы рөлі» атты тақырыбы бойынша өткен келелі кездесуді, қызықты да пайдалы болды. Дәуренбек Жандосұлы діннің қоғамда алатын орны жайында баяндай келе, дініміздің құндылықтарына кеңінен тоқталды. Халқымыздың дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында айтып өтті.
Дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндірді. Жас ұрпақтың санасына имандылықты ұялату болашақты кепілдікке алумен пара-пар екені белгілі. Сондықтан кездесуге қатысқан оқышыларға тәлімді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, иманды болуды, ата-ананы қадірлеуді, жаман әдеттерден аулақ болуды, ұлт жанды болуды және дін атын жамылған теріс ағымдардан аулақ болуды баса назарда түсіндіріп өтті.
Көктем мезгіліндегі тал отырғызу, қарттар үйін тазалауға көмектесудің сауабы жайлы да бас имам ой өрбітті. Кездесу соңында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі