Жаңатаста жаназа және ас мәзірі қолға алынды

Жаңатаста жаназа және ас мәзірі қолға алынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен аудандық мешіттің бірігіп өткізген «Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері» атты дөңгелек үстелге аудандық, қалалық және ауылдық ардагерлер кеңесінен, мешіттерден қоғамдық бірлестіктерден өкілдер қатысты. Одан бөлек БАҚ өкілдері мен алқа би қала, ауыл әкімдері де қатысты.

 Дөңгелек үстел басында жаназа рәсімдерінде және өзге де құдайы астарда қойылатын ас мәзірін бекіту, жаназа төңірегіндегі өзге де рәсімдерді реттеу, бір ізге түсіру, сәуір айының соңғы сенбісінде, яғни 27 – сәуір күні жалпы аудан көлемінде зират басына сенбілік ұйымдастыру сынды мәселелер көтерілді.

Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев ашып, Сарысу аудандық мешітінің бас имамы Ғ. Қонақбаевқа сөз кезегін ұсынды. Бас имам жоғарыдағы айтылған үш мәселеге жеке-жеке тоқтап, қатысушыларға ақпарат беріп өтті. Соңынан жиынға қатысушылар көтерілген мәселенің өте орынды екенін, әбден уақыты жеткен, көптен бері шешімін күтіп тұрған маңызды мәселе екенін айтып өз ойларын ортаға салды.

Ардагерлер кеңесі төрағасының және дөңгелек үстелге қатысушылардың мақұлдауымен қаулы қабылданды.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: