Шу қалалық «Жәми» мешітінде қала имамдары мен кезекті жиналыс болып өтті. «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жиналыста бірнеше мәселелрді қозғады.
ҚМДБ-ның имамдар алдына қойған міндеттерінің бірі ағымдармен күрес, түскі бесін және ақшам намаздарының уағызы және қайырымдылық сөз болды. Қаланың бас имамы қала имамдарына ағымдармен күресті күшейту соның ішінде жеке және жалпы кездесуге күш салу, сонымен қатар түскі және кешкі уағыздарға жауапкершілікпен қарау тапсырылды.
Сондай-ақ қалада қайырымдылықты жандандырып алдағы келе жатқан рамазан айына дайындықты пысықтады.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі