Тараз қаласында қазіргі «Кеңесхан қажы» мешітінің іргетасын қалаған, Жамбыл облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ахаев Кеңесхан Сәденұлын еске алуға арналған 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының айтмақтық біріншілігі өтті.
Төрт күнге созылған дүбірлі додадаға мыңнан жүйрік шыққан білектілер қатысты.
Аталған іс-шараға «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов арнайы барып, сайысты тамалашап, жас өрендерге жігер мен рух беріп қайтты. Жарыс аренасында Кеңесхан Ахаевқа және дүниеден өткен майталмандарға арналып дұға жасалды.
Ал білекті бірді жығар спортшылардың ішінен жеңімпаздар бүгін анықталмақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.