ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстаздары мен шәкірттерінің ұйытқы болуымен әйелдер жамағаты жеміс ағаштарын отырғызды.
Өздері білім алып жатқан мешіт ауласын көркейту мақсатында және сауапты іске мұрындық болу үшін білек сыбанған жамағат әр талды отырғызғанда Алладан дұға жасап, ел тыныштығын тіледі.
Бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. "Өсімдіктер мен ағаштар Алла Тағалаға сәжде етеді" ("Рахман сүресі" 6-аят). Ал, адамдар үшін ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына хадисінен аңғаруға болады: "Кімде-кім бір тал ексе Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады" (Ахмад бин Ханбал).
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.