Шу қаласы бойынша мешіттер көктемгі көгалдандыру мен қатар, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінде көктемнің шуақты күнін пайдаланып, «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» демекші, бабаларымыз салған сара жолмен талдар егілді.
Тал отырғызуға мешіт қызметкерлері мен жамағат қатысып атсалысты.