ҚМДБ-ның филиалы Шу қалалық «Жәми» мешітінде жаңа тағайындаулар орын алды. Қасиетті жұма күні «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жамағатты жаңа мамандармен таныстырды.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің имамы Қамаубаев Шаттық Шу қалалық «Жәми» мешітіне найб имам, сонымен қатар Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы «Нұр-Мүбарак египет ислам мәдениеті» университетінің түлегі Мұналбеков Біржан «Жәми» мешітіне ұстаздық қызметке тағайындалды.
Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін «Жәми» мешітінде ұстаздық қызметті абыроймен атқарып келген Қалиев Нұржан Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітіне имам болып тағайындалғандығын жеткізді.
Бас мүфти бұйрығын жамағатқа оқып берген Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жаңадан тағайындалған дін қызметкерлеріне сәттілік тілеп, дін жолында аянбай еңбек етулеріне тілектестік білдірді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі