Аудандық «Қордай» мешітінің жылдық жоспарына сәйкес, мешіт наиб имамы А.Сатылғанов имани жүздесу өткізді. Кездесу «Нұр-Отан» ХДП ғимаратында аудандық төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерімен өтті.
Кездесу тақырыбы «жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбынлда болды. Наиб имам өз кезегінде асыл дініміздің парақорлық турасындағы қасиетті Құран мен Алла елшісінің сүннетінен аят пен хадистер келтіріп ашықтай білді.
Парақорлықтың шариғат үкімі бойынша күнә екендігі, қоғам және ел үшін қауіптілігі туралы толық түсіндіріп, парақорлықтан арылуға шақырды. Маманға тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі