Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен «Мұқтаждың мұңын бөліс» атты дәстүрлі қайырымдылық акциясы тағы да өз жалғасын тауып өткізілді.
Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен 12 жанұяға бір жылқы сойылып, ет үлестірілді. Қордайлық жомарт азаматтардың материалдық тұрғыдан көрсеткен жылу жәрдемі жергілікті әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына табысталды.
Мәрт мінезді кәсіпкерлерге алғысын жеткізген наиб имам Асқар Сатылғанов жиылған жамағатты қашанда жақсылық жолында жарысуға үндеді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі