Тараз қаласының мешіттерінде қалыптасқан ай сайынғы ауызашар, уағыз дастарханы «Әзірет Әли» мешітінде жалғасын тапты. Іс-шараны мешіт имамдары мен жамағаты ұйымдастырып, қала имамдары мен жамағат қонақ болды. Дастархан үстінде бата беріліп, Аллаға мадақ айтылды.
Ал, көпшілікке Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Нұртайұлы «Қиянат» туралы уағыз айтты.
Құран Кәрімде: «Аманатты иесіне тапсырыңдар», деп бұйырылған. Яғни, әр істі атқара алатын, білетін адамға тапсыру. Ұстаз отбасындағы, жұмыстағы және басқа да қиянат түрлеріне кеңінен тоқталды. Мұсылмандар мұндай істерден аулақ болатынын айтып, бұл дініміздің бұйрығы екенін жеткізді.
Ақсақалдар жиын соңында бата беріп, қонақтар алғысын білдірді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі