Жамбыл жастары жігерлі жиын жүргізді

Жамбыл жастары жігерлі жиын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың ұсынысымен биыл "Дін және Жастар" жылы болып бекітілді. Осыған орай "Һибатулла Тарази" мешітінде қоғамдағы белсенді жастардың басын қосқан ауқымды іс-шара өтті. 

Белсенді жастардың тобын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жиынды облыстың өкіл имамы Қанат Жұмағұл ашып, діндегі жастардың орны, жастардың белсенділігі туралы көңілге тоқырлық ғибратты сөз сөйледі. Ал ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев жастарды бірлесе қоғамға пайдалы іс атқаруға шақырды.

Отырысқа қатысқан қоғам белсенділерінің ішінен бірінші болып Жамбыл облысы жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мурбеков өз ойын жеткізді. Ол жас буынның жұмысқа деген құлшынысының жоқтығын тілге тиек етіп, осы сынды проблемаларды ортаға тастады.  

Сонымен қатар "Астана" кинотеатрының директоры Олжас Қуандық "Бизнес және жастар" тақырыбында мардымды баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Ал "Отбасы және жастар" турасында Тараз қалалық мәслихат депутаты Серікбол Берікқожа сөз сөйлеп, қазақ халқының тектілігі туралы мықты мағұлмат берді. 

Іс-шараға қатысқан тұлғалардың барлығы жастарға қайтсек пайдалы боламыз, оларға қандай іскерлік көзін көрсетіп, жігер бере аламыз деген ұранды ұстанып, барын салды.   

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: