Теолог мамандар аудандағы әйел жамағатымен кездесті

Теолог мамандар аудандағы әйел жамағатымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Алдасаева мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының теолог-инспекторы Мадина Садық Қордай және Сарысу аудандарына іс-сапармен барып қайтты. 

Дін мамандары "Исламдағы толеранттылық" тақырыбында насихат жүргізіп, сүбелі сөз сөйледі. Аудандағы әйел жамағатымен тығыз байланыста болу, аудан ұстаздарының атқарған жұмысымен танысу мақсатында сапарлатқан ұстаз Гүлжан Алдасаева пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзге дін өкіліне жасаған қарым-қатынасы жайлы көркем уағыз айтты. 

Тараздан ат артып аймақтарды аралаған нәзік жанды мамандар Қордай аудандық орталық мешітінде әйелдер жамағатымен жүздесіп, тұщымды уағыз, мардымды сөз сөйлеп, білім ізденушілермен танысып қайтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: