Адам баласы табиғатынан әлсіз жаратылыс. Мінезіміз, іс-әрекетімізді қанша дұрыс деп есептесек те кейде қателікке бой алдырып жатамыз. Екі дүниеде де мәңгілік бақытқа қол жеткізу үшін ол қателіктерімізбен өмір бойы күресе білуіміз қажет. Ал қасиетті Құран ол кемшіліктерді айқын сипаттайды:
- Адам қайырымсыз және надан
«…Шүбәсіз, адам баласы тым залым (яғни, әділдікке қас, қателікке, күнәға жақын һәм жауапсыз келеді) әрі өте надан (ақиқаттан бейхабар, ғапыл, парықсыз һәм нәпсісіне ергіш) келеді» («Ахзаб» сүресі, 72-аят).
2. Адам өте сабырсыз, тым асығыс.
«Негізінен адам баласы сабырсыз болып жаралған…» («Әнбия» сүресі, 37-аят).
«Адам баласы кейде жамандықты тура (бейне бір) жақсылықты тілегендей тілейді. Расында, адам баласы (алды-артын аңдамайтын) тым алып-ұшпа (сабырсыз)!» («Исра» сүресі, 11-аят).