Ылаң тудырушы әйелдер

Ылаң тудырушы әйелдер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

       Усәма ибн Зәйд (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деді: «Мен өзімнен кейін әйелдерден артық ылаң қалдырмадым» деген (Бұхари мен Муслим).

       Ибн Хажар бұл жайлы былай деген: «Бұл хадисте әйелдер үшін туындайтын бүліктің басқа кез келген бүліктен күшті екені меңзелген».

Басқа хадистерде әйел адамның отбасының ұйытқысы, сүйікті жар, аяулы ана екендігі айтылса, бұл хадисте, керісінше, сол әйелдің бүлік тудырушы, ер адамдарды азғырушы, қоғамға үлкен ылаңға себепші болуы мүмкін екендігі айтылады.

Әсіресе, қазіргі таңда әурет жерлерін барынша көрсетіп жүруге құмар қыз-келіншектер нағыз бүлікшілдер болып есептеледі. Себебі оны көрген кез келген ер адамның ойы бұзылмай тұрмасы анық, Нәпсіге апарар бірден бір жол да сол. Міне, қоғамдағы бүлік – отбасылардың ажырасуы, тастанды балалардың көбеюі, азаматтық неке және т.б. осыдан шығатыны белгілі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: