Үйге кіргенде және шыққанда мыналарға мән беріңіз!

Үйге кіргенде және шыққанда мыналарға мән беріңіз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
  1. Үйіңізге (өзгенің үйіне) кірерде міндетті түрде сәлемдесіп кіріңіз.
  2. Өзгенің үйіне есігін қағып, рұқсат сұрап кірген жөн. Арғы жақтан «бұл кім?» деген сұраққа «бұл мен, пәленше» деп атыңызды айтқаныңыз дұрыс болады.
  3. Есіктің ашылуын күтіп тұрғанда дәл есіктің түбінде емес, оң жағында тұрып, іштегі адам көрінбейтіндей болуы керек.
  4. Үйдің терезесінен немесе есігінен сығалап қарауға болмайды.
  5. Үйге кірген соң жан-жаққа қызығушылықпен, бажырайып қарауға, заттарға рұқсатсыз тиісуге болмайды.
  6. Кетерде де жылы жүзбен үй ішіндегілермен қоштасып кеткен жөн.
  7. Шығып бара жатып есікті қатты жаппау керек.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: