Ұлыстың ұлы күні аталып өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Ұлыстың ұлы күні аталып өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани жүрегі «Һибатулла Тарази» мешітінде жайма шуақ көктеммен күлімдей келген ұлыстың ұлы күні «Әз-Наурыз» мерекесі аталып өтті. Тараз қаласында биылғы дүбірлі тойдың беташары болған мерекелік кеште 8 қанат киіз үй тігіліп, жамағатқа арналған  100 орындық дәстүрлі ақ дастархан жайылды. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Қанат Жұмағұл бастаған облыстық және қалалық мешіттің қызметкерлері, «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері мен ҚМДБ мешіт жастары мейрам салтанатын асыруға бар күшін салды. Наурыз көже пісіріліп, көпшілік ұлан-асыр дүбірлі наурыз тойын атап өтті. Мейрам ажарын ашқан ақшаңқан киіз үйде ақсақалдар, ал мешіт ауласындағы кең дастарханға қалың халық жайғасып, ас ішіп, қариялар бата берді. 

Сонымен қатар, жамағат арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, эстафета, теннис сынды ұлттық спорттық сайыстарда білек сынасты. Жүзден жүйрік шыққан палуандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Гір тасы мен арқан тартыс, эстафета бойынша 1 орын - 10000 теңге, 2 орын - 7000 теңге, 3 орын - 5000 теңге болса, тоғызқұмалақ, қол күрес, теннис сайыстары бойынша 1 орын - 5000 теңге, 2 орын - 3000, 3 орын - 2000 теңге сыйлық табысталды.

Ауыл мен ауыл, көрші мен ағайын көрісіп, бірлік пен ырыс, береке күні болған айтулы ұлыс мейрам Тараз шаһарын нұрға бөледі. Ай бойы жалғасатын бүгінгі іс-шара жылдың шымылдығы болып мешіттен басталғыны үшін тұрғындар шын разы.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: