Әз-Наурыз, төрлет төріме!

Әз-Наурыз, төрлет төріме!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көктемнің әз мерекесі ұлыстың ұлы күні Наурыз келіп, күллі халық той тойлауға кірісті. Осы айтулы мейрамда ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы  Әйел-қыздар секторы, Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстаздары мен шәкірттерінің ұйытқы болуымен "Төл мерекеміз Наурыз мейрамы құтты болсын" атты іс-шара өтті.

Әйелдер жамағаты мешітте бас қосып, салт-дәстүр рәсімдерін орындады. Ақ жаулықты әжелер ақ бөпесін бесікке бөлеп әлдилесе, тәй-тәй басар баланың тұсауын кесіп, жолы ашық болсын деп дұға жасады.

Әжелер мектебі жастарға өнегелі өсиетін жеткізіп, шашуларын шашты. Сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева сөз сөйлеп, жамағатты наурызбен құттықтап, көркем уағыз айтты. Дастархан басына жиылған көпшілік наурыз көжеден дәм татып, аш ішті.

Сондақ-ақ, аталған мешіттің наиб имамы Ержан Аманбаев ұлық мерекені тілге тиек етіп, жамағатты құттықтады.

Қуаныш пен шаттыққа толы мереке ауызбіршілікпен шырайланып, жамағатты риза етті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатула Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: