Қыз-келіншектерге науқасты күтуші болып жұмыс істеуге бола ма?

Қыз-келіншектерге науқасты күтуші болып жұмыс істеуге бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иә, рұқсат етілген. Ислам құқығында мынадай бір қағида бар: «Қажеттілік -тыйым салынғаннан рұқсат етілген жасайды».

Мысалы үшін, күтімді қажет ететін ауыр халде жатқан немесе ота жасалғаннан кейін байлап-таңу, дәрі егу сияқты амалдарды жасау үшін дәрігерлерге, медбикелерге, науқасты күтушілерге және басқа да медициналық қызметкерлерге адамның әурет жерлерін көруге рұқсат етілген.

Бұл жердегі рұқсат етілгендік жоғарыда айтылған қағидада келтірілген. Алайда аталмыш рұқсат етілгендік тек қажеттілік шеңберімен ғана шектеледі, яғни, бөгде адамның емдеуді немесе көмек көрсетуді қажет ететін дене мүшелерін ғана қарап, тек сол жерлеріне қол тигізуге болады.

Бұл жерде науқас немесе науқас адамды күтушінің мұсылман не болмаса мұсылман еместігі маңызды емес, аталмыш үкім жалпы мағынада айтылған әрі бәріне ортақ болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: