Шіркеу салуда жұмыс істейтін мұсылмандарға...

Шіркеу салуда жұмыс істейтін мұсылмандарға...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейде мұсылмандар шіркеу салу құрылысында немесе шіркеуді жөндеу жұмыстарында істеп жүреді. Негізінде, шіркеулерді қалпына келтіруде жұмыс істеу мәкрүһ емес, өйткені бұл іс күнә болып табылмайды (Беззазиййа).

Дегенмен, басқа мұджтахидтердің пайымдауынша, шіркеуді жөндеу, сондай-ақ, христиан дініне қатысы бар дүниелерді сатуға тыйым салынған болып есептелінеді, ал имам Әбу Ханифаның пікірінше, мұндай істерге рұқсат етілген, яғни, харам болып табылмайды (Раддуль-Мухтар, 5/251; Фатаваи-Кадыхан, IV/426; әл-Фатава әл-Хиндиййа, IV/450).

Аталмыш қызметтің түріне рұқсат етілген болса да бұл жақсы амал болып табылмайды. Сол себепті былай айтылған:

«Ибрагим ибн Юсуфтың пікірінше, егер мұсылманның жалақысы аз жұмыспен айналысу мүмкіндігі бола тұра, ол күніне бес дирхем алып шіркеу қоңырауын соғуға христианмен келісім жасататын болса, бұл жағдайда мұсылманға шіркеу қоңырауын соғудан бас тартып, жалақысы аз болса да басқа қызметпен айналысып, өз ризығын тапқаны абзал» (Фатаваи-Кадыхан, IV/404, 426).

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, аталмыш қызмет түрлерімен айналысып жүрген мұсылмандарға өзге қызмет түрімен айналысқандарыңыз жөн болар еді деп кеңес берер едік.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: