Бүгінгі таңда халал тағам тұтынушылардың арасында талқыға түсіп жатқан тақырыптардың бірі – ірімшік. «Ірімшік халал – харамға бөлінеді ме? Оларды бір-бірінен қалай ажыратамыз?», – деген көкейкесті сұрақтар
Ірімшік — сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын жоғары калориялы, сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі. Әзірлеу және пісіру кезінде микробиологиялық, ферментативтік тағы басқа процесстерден өтеді. Соның нәтижесінде сүтпен салыстырғанда дәмі және нәрлілігі жағынан едәуір құнды қасиеттерге ие болады.
Ал енді ірімшік бірнеше жолмен дайындалады. Айтап айтсақ:
- Қышқылдық;
- Қышықылдық-сычужды;
- Термо-қышқылдық;
- Термо-кальциилі.
Жоғарыда келтірілген ірімшік дайындау әдістерінің ішінде ерекше атап өтетіні, әрі кең таралғаны – қышқылды-сычужды әдіс. Алайда, аталмыш әдіспен дайындалған ірімшік күмәнді болуы әбден мүмкін. Себебі ірімшік дайындау кезінде қосылатын биокатализатор – сычужды фермент жануартекті болуы мүмкін. Сычужды ферментті жас малдың төлдерінен, сиырдан, қойдан, шошқадан т.б. алады. Егер Алланың атымен сойылмаған малдан және шошқадан алынған ферментпен дайындалған ірімшік болса, шариғатта рұқсат етілмеген тағамдардан болмақ. Шариғат талаптарына сай бауыздалған малдан алынса, рұқсат. Дегенмен, сычужды ферменттің табиғатын, қандай жануардан алынғанын анықтау қиын болғандықтан, лажы барынша, бұндай жолмен дайындалған ірімшікті тұтынбаған жөн. Оның орынына вегетариандық әдіспен дайындалған ірімшік тұтынған абзалырақ. Вегетариандық ірімшіктер микробологиялық жолмен алынған сычужды фермент арқылы дайындалады. Ондай ферменттердің қатарынна: Milase, Meito Microbial Rennet, Fromase, Maxilact жатады. Бұл аталғандар зең саңырауқұлақтарын өңдеп, ферментациялау арқылы алынады. Бұдан өзге гендік инженерия әдісімен де сычужды фермент алады. Алайды, ең тиімдісі әрі зиянсызы микробиологиялық жолмен алынған ферменттермен дайындалған ірімшіктер.
Қорыта айтқанда, ірімшік алар кезде оның жапсырмасын мұқият оқыңыз. Мейілінше, ЕE1105(Лизоцим), тағамдық бояғыштар, жануар немесе өсімдік текті екені нақты көрсетілмей, жалпылама «сычужный фермент» деп келтірілген қоспалы ірімшіктерді тұтынбаған абзал.
Ең дұрысын Алла Білуші!
halaldamu.kz