Алла Тағаланың Ібілісті жерге түсірер алдында айтқан сөздері

Алла Тағаланың Ібілісті жерге түсірер алдында айтқан сөздері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ібіліс Алла Тағалаға:

«Уа, Алла! Осылай болатынын Сен білдің, сол себепті Қиямет күніне дейін мағанмұрсат берші», - деп өтініш білдіреді.

Алла Тағала:

«Мен саған белгілі бір уақытқа дейін рұқсат беремін. Қалағаныңды жаса», - дейді.

Ібліс: «Сен мені жерге түсірдің. Менің ендігі тұрағым не болмақ?» - деп сұрайды.

Алла Тағала: «Сенің тұрағың жуынды-шайынды мен қоқыс төгілетін жер болады», - дейді.

Ібліс: «Адам Ата ұрпағына Сен пайғамбарларды жіберіп, кітаптар түсіретін боласың, ал менің кітабым не болады?».

Алла Тағала: «Сенің кітабың қажетсіз, бос дүниелер, сондай-ақ, өлеңдер болады».

Ібліс: «Ал менің пайғамбарым кім болады?».

Алла: «Саған балгерлер, сәуегейлер мен сиқыршылар жеткілікті».

Ібліс: «Ал мен қайда тұрамын?».

Алла: «Сен моншада тұрасың».

Ібліс: «Ал менің жемім не болады?».

Алла: «Сауысқандар сенің жемің болады».

Ібліс: «Ал менің тамағым не болады?»,

Алла: «Бисмиллә» айтылмай желінген тамақтың бәрі сенікі болады».

Ібліс: «Ал менің сусыным не болады?».

Алла: «Мас қылатын сусындардың бәрі сенікі болады».

Ібліс: «Менің жиналатын орным не болады?».

Алла: «Сенің жиналатын орның көшелер мен базарлар».

Ібліс: «Ал менің белгілерім не болмақ?».

Алла: «Сенің белгілерің – менің қаһарым мен лағынетім болады».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: