Айтулы мерекелерде отбасы мүшелері бір шаңырақ астында , Жаратуышыға дұға жасап, мерекелік дастархан басында жиналатын дәстүр әр отбасында бар екеніндігі баршамызға мәлім.
Қордай аудандық мешітінің ұйытқы болуымен осындай күндері көп балалы отбасылардың дастарханы мол, көңілдері көтеріңкі болу үшін азық-түлік жиынтықтары 3 отбасына үлестіріліп, онымен қоса қаржылай да көмек көрсетілді. Бас имам Д.Жандосұлы үй-үйді аралап, аталмыш отбасылардың тұрмыс жағдайымен етенен танысып қайтты.
Мереке қарсаңында арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына разылығын білдірген көпбалалы аналар мешіт ұжымына алғыстарын жаудырып, алдағы жұмыстарына табыс тілеп, ризашылықтарын жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі