Салауатты өмір салты насихатталды

Салауатты өмір салты насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің «ислам және жастар» жылына орай бекітілген  жоспарды іске асыру мақсатында Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

№6, Ломаносов және Б.Бөлтірікова атындағы мектеп оқушыларымен өткен кездесуде жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы өсиет етілді. Зиянды әдеттердің  адамның денсаулығына ғана әсер етіп қоймай, Жаратушы алдында күнәға алып келетінін жеткізген бас имам, жан саулығы мен тән саулығы бір-бірімен тұрақты жарасымды бірлігінде болуға тиіс, өйткені бұл адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің  ажырамас бөлігі және рухани құндылықтардың әлсіреуі, жағымсыз іс-әрекеттерге әуестіліккек тудырады - деген ойын жастарға жеткізді.

Бас қосуды тиімді пайдалана отыра ел  арасында бүлік салып жүрген деструктивті ағымдар және олардан сақтану жолдары туралы да, бас имам тарапынан жастарға кең ақпарат берілді. Жастар өз тарапынан көкейкесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарға йе болды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: