«Қордай» медресесінің директоры Д.Жандосұлы медресе ұжымымен кезекті бас қосу өткізді.
Алқалы жиында медреседегі түйткілді мәселелер, оқу сапасын арттыру, мемлекеттік тілді және Қазақстан тарихы пәндеріне студенттердің қызығушылығын арттыру және қаржылық мәселер қарастырылып және медресе ұйытқысымен құран жарысын ұйымдастыру пысықталды.
Алдыға қойылған мақсаттарды тиімді іске асыру үшін ҚМДБ төрағасы бекіткен медресе ережесінің 7.15 бабына сәйкес медресе директор орынбасары қызметіне Ғ.Шерниязовтың тағайындалғанын жеткізген Д.Жандосұлы жаңа қызметкерді ұжымға таныстырды.
Ұжымның жұмысына сәттілік тілеген директор, алдыға қойылған мақсаттарды жүйелі түрде іске асыру жоспарын бекітті.
«Қордай» медресесінің баспасөз қызметі