Әбу Дарданың (р.а.) жары: Әбу Дарда бірнәрсе айтқанда сөзінің соңында міндетті түрде жымиятын. Бірде мен оған:
– Сенің бұл қылығыңды кейбіреулер дұрыс түсінбей, есі дұрыс емес деп ойлап қалады ма қорқамын, – дедім. Сонда ол маған былай деп жауап қатты:
– Алла елшісі (с.ғ.с.) не айтса да, үнемі жымиятын» – деген (Ахмад 5, 198, 199).
Шынында-ақ, күлімсіреу – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті екенін ұмытпайық!