Отбасылық татулық, береке мен тыныштықты сақтап, бақытты болуда да Қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінен артық кеңесші мен тура жол көрсетуші таба алмасымыз анық. Ендеше, келесі хадистерге назар аударсақ:
1.»Мүмін ер өз әйеліне ренжімесін. Себебі мінезінің нашар тұстарымен қатар, жақсы жақтары да болады».
- «Әйел әлсіз болып жаратылған. Сондықтан ол әлсіздікті үнсіздікпен жеңіңдер және оның кемшіліктерін елемеуге тырысыңдар».
- «Ең жақсы мұсылман – көркем мінезді және жұбайына жақсы қарайтыны».
- «Кімде-кім әйелін ұрса, қияметте ол менің дұшпаным болады. Әйелін ұратын ерлер – Аллаға және Оның елшісіне қарсы шығатындар».
- «Әйелдеріңе қиянат жасамаңдар! Олар – Алланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар және оларға жақсылық жасаңдар».
- «Әйеліне жұмсақ болған және күлімсіреп қараған кісіге бір құл азат еткендей сауап жазылады».
(Тирмизи, Муслим, имам Нәуәуи «Риядус-салихин»).